|
Jol
17.07.2024 | 11:46
445

Алматыда Қожабеков көшесіндегі қозғалыс шектеледі

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз

Алматыда Қожабеков  көшесіндегі қозғалыс шектеледі  elements.envato.com

Алматыда Қожабеков көшесіндегі учаскеде инженерлік желілердің жүргізілуіне байланысты қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алатау ауданында инженерлік желілердің жүргізілуіне байланысты Қожабеков көшесі бойымен қозғалыс шектеледі

Алматы қаласының Алатау ауданында Қожабеков көшесі бойымен екі бағыттағы көлік қозғалысы жабылады.

Алатау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 2024 жылы 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат бағасы тұрақталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир