|
17.03.2024 | 09:55
3960

Димаш Құдайберген танымал опера әншісіне шапан кигізді (видео)

Пласидо Доминго қазақ дәстүріне жоғары баға берді

Димаш Құдайберген танымал опера әншісіне шапан кигізді (видео) instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген испаниялық опера әншісі Пласидо Домингоға шапан тарту етті. Қазақстандық әнші естелік сәтті әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Димаштың Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында Домингоға қазақтың ұлттық киімін кигізіп жатқаны түсірілген кадрларды жариялады.

- "Бүгінгі күн – ертеңгі тарих", – деп жазды Димаш. 

Бейнеролик жанкүйерлерінен 2 мыңға жуық пікір жинады. Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар да жылы лебіздерін қалдырды.

"Үлкендердің батасын алу – бақыт", – деп жазды олар. 

Еске сала кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Димаш Домингодан таланттар шоуына әділқазы болуға шақырту алған еді. Кейінірек олар Будапешттегі Франц Лист атындағы музыка академиясының сахнасында Жорж Бизенің "Інжу іздеушілер" операсынан Надир мен Зурганың дуэтін бірге орындады. Сондай-ақ Димаш бала кезінен Домингоға тәнті екенін және онымен бір сахнада ән айтуды армандағанын мойындады

- 5 жасымда оның концертінің VHS таспасы бар еді. Сол кезден бастап біз кездесетінімізге сендім, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ұят болады: әлеуметтік желіде Роза Рымбаеваны қызу талқылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир