|
27.03.2024 | 11:33
10313

Төреғали Төреәлі жарына берген уәдесін 10 жылдан кейін орындады

Әнші желіде әйеліне сыйлаған қымбат көлікті көрсетті

Төреғали Төреәлі жарына берген уәдесін 10 жылдан кейін орындады инстаграм: uly_dala_project

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жары Толқынға сыйлаған көлікті көрсетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төреғалидың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, әйелі көлікті қыз күнінен жүргізеді.  

- Менің рөлге отыра алмайтынымды білесіздер. Құқығым да жоқ. Толқынға жақында алып берген көлігіміз. Бір қызығы, осыдан 10 жыл бұрын екеуіміз қыз бен жігіт болып жүріп жүргенде дәл осындай маркалы машинасы болған еді. Ұзату күні жақындағанда “сенің үйіңе машинаны алып барайын ба?” деп сұрады. “Тастап кете бер, кейін бізде бәрі жақсы болса, саған осындай көлік алып беремін” деп айттым. Міне, сол уәдемді орындап, қыз күніндегі көліктің су жаңасын сыйладым. Барлығына бірге жетуге болады, – деп айтты әнші.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген танымал опера әншісіне шапан кигізді (видео)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир