|
04.06.2024 | 15:22
2040

Қазақстан алғаш рет баскетболдан элиталық турнирге қатысады

Турнир Алматыда 13-14 шілдеде өтеді

Қазақстан алғаш рет баскетболдан элиталық турнирге қатысады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

World Tour 3х3 санатты баскетболдан турнир алғаш рет Алматыда 13-14 шілдеде өтеді. Оған алдын ала іріктеуден өткен 12 халықаралық команда қатысады, деп хабаралайды  Almaty.tv.

Ұйымдастырушының World Tour Masters Almaty-2024 турниріне өз таңдауы бойынша бір команданы (Wild Card деп аталатын) қою құқығынан басқа, FIBA Қазақстанға бірегей мүмкіндік - 2 қосымша слоттарға құқық берді. Осы екі слотқа үміткерлерді ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы анықтайды. Оларды 15-16 маусымда Атырауда FIBA қамқорлығымен өтетін Atyrau Quest турнирінің жеңімпаздары алады. Қазақстандық командалар бұл турнирге 3х3: Шымкент, Атырау, Алматы баскетболдан Қазақстан чемпионатының турлары арқылы іріктеледі.

Осылайша, World Tour Masters Almaty-2024 турнирінің негізгі желісінде үш қазақстандық команда ұсынылады, бұл FIBA халықаралық баскетбол федерациясы тарапынан толық қолдауды көрсететін бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұл қазақстандық командалар үшін әлемдік аренада өздерін танытуға, жетекші командалармен кездесуге, жоғары спорттық деңгейдегі турнирлерге қатысудың құнды тәжірибесін алуға бірегей мүмкіндік.  

2023 жылы Almaty Quest 3х3 баскетбол турниріне қатысқан FIBA атқарушы директоры Алекс Санчес мырза іс-шараны ұйымдастырудың сапасы туралы жоғары пікір білдіріп, Алматының жоғары деңгейдегі турнирлерді қабылдауға дайын екендігіне көз жеткізді. Ол сондай-ақ қазақстандық баскетбол федерациясы FIBA-мен бірлесіп елімізде 3x3 баскетболды концептуалды дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Нәтижесінде биыл FIBA Қазақстанға World Tour деңгейіндегі турнирді өткізуді тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, World Tour деңгейіндегі турнир – бұл FIBA-ның ең үздік іс-шарасы. Алматы туры маусымның соңында гранд-финалға өту жолындағы кезеңдік турнир болып табылады және жоғары деңгейдегі турнирлердің қатарына кіреді.

«FIBA бүкіл дайындық процесін мұқият бақылайды және турнирді өткізуге тікелей қатысады. Біз шамамен 25 адамнан тұратын FIBA делегациясының келуін күтеміз. Әрине, Алматыда FIBA-ның бірінші басшыларын күтеміз. Wild Card ұйымдастырушылар арнайы ашық турнирде ойнауға шешім қабылдады. Ол Астана мен Алматыда екі іріктеу форматында, сондай-ақ оңтүстік астанада өтетін финалдық бөлімде өтеді. Бұл турнир 3x3 Road to Wild Card WT Almaty-2024 деп аталды және жақын арада жарияланады. FIBA талаптарына және турнирдің жағдайына сәйкес келетін кез келген команда қатыса алады. Ең жақсы ойнап, әділ күресте жеңіңіз-World Tour-ға қош келдіңіз», - деді World Tour masters Almaty-2024 ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, 3х3 Баскетбол бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан және ойын-сауық спорт түрлерінің бірі болып табылады, сондай-ақ жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. Алматыда World Tour өткізу отандық 3х3 баскетболдың дамуына қуатты серпін береді және қала мен елдің спорттық тарихына енеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир