|
17.07.2024 | 08:42
54

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен адамдардың денесі Өзбекстаннан табылды

134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратты

Қырғызстанда сел ағызып әкеткен адамдардың денесі Өзбекстаннан табылды Қырғыз ТЖМ

Қырғызстанда селмен ағып кеткен 39 жастағы әйелдің денесі арада екі күн өткенде Өзбекстандағы Әндіжан өзенінен табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның денесін көрші елдің құтқарушылары 16 шілдеде тапты.  

Мұның алдында 146 маман жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған еді.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауыннан кейін өзендер арнасынан шығып, Ош қаласы мен ауылдарда сел жүріп өткен болатын.

Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Тасқын «Молбұлақ» демалыс орталығында тұрып жатқан 4 адамды ағызып әкетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы анасы мен 19, 10 және 6 жасар үш қызы.

Қыздардың денесі Өзбекстан аумағындағы Шахрихансай каналынан табылған. Ал анасының мәйіті Ақбура өзенінен шығарылды.

Ош облысындағы күшті селден кейін Қарасу аудандық электр желілерінен электр қуатын алатын 7,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды.  

134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратты.

Оқи отырыңыз: Билет жоқ: жолаушылар алыс сапарға таксимен қатынауға мәжбүр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир