Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайғылы жағдай бүгін таңертең Қарағанды-Балқаш тас жолының Ақсу-аюлы кентіне қарасты бөлігінде болған. Алдын ала болжамға сенсек, қатты жүйткіген Рено жүк көлігі Тойота автомобилімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктегі 5 адамды да құтқару мүмкін болмапты. Ал жүк көлігінің жүргізушісі ауруханада жатыр.
– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән-жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлілер анықталатын болады. Полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдықты асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Имағұлов.
Оқи отырыңыз: Алматы жолдарындағы шұңқырларға жөндеу жүргізіледі