|
23.04.2024 | 10:01
152

Тайваньда 6,3 балдық жер сілкінісі болды

Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатқан

Тайваньда 6,3 балдық жер сілкінісі болды elements.envato.com

Cейсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қытайдың сейсмологиялық желі орталығы. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығыс бойлық 121,68 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатқан.

Хуалянь қаласында 350 000 халық тұрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир