|
27.09.2023 | 11:48
5473

Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен көтерілуге тыйым салынды

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Үлкен Алматы көліне жеке көлікпен көтерілуге тыйым салынды фото Victor Glutsenko

Үлкен Алматы көліне жеке автокөліктердің өтуіне тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен):

Ұлттық саябақ қызметі,

шекара заставасы,

"Космостанция" ғылыми базасы,

метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер,

Алматы қаласының туризм басқармасы.

Айта кету керек, осыдан бір ай бұрын ғана жеке көліктердің ҰАК көтерілу шектеуі алынып тасталған еді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның сирек кездесетін құстары шетелге өтіп кете жаздады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир