Қазақстанның сирек кездесетін құстары шетелге өтіп кете жаздады

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Құстарды шетелге әкетпек болған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау әуежайында 28 ителгі құсын шетелге әкетпек болған қылмыстық топ ұсталды деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 17 қыркүйекте  арнайы операция ұйымдастырып қылмыстық топты бақылаған. Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдік және қазақстандық азамат Атырау қаласының әуежайында ұсталды.

Олар құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

- Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгіні күтіп-ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астамҚылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың мәйіті табылды

Новости партнеров