Әл-Фарабиден әл-Машаниге дейін

03.03.2020 22:41

Ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидің шығармашылығы сөз болды

Әл-Фарабиден әл-Машаниге дейін. Бүгін осындай тақырыппен ұлылардың ойын дамытып, жолын жалғаған ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидің шығармашылығы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қалаған ол әл-Фараби туындыларын, адами болмысын келешек ұрпаққа жеткізу жолында аянбай тер төккен тұлға.

«Ағжан Машани ақсақал тұңғыш рет Әл-Фарабиді  1943 жылы Чехослав ғалымы Кольманнан естіген.  Өзі  геолог болғанымен,  Фарабидың ізін қуып,  бар өмірін соңына дейін  ғалымның  еңбегіне арнағанды жақсы көрді»,  – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек АЛТАЕВ

Сәтбаев универститетінде өткен шараға Әл-Фараби орталығының мамандары мен әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының қызметкерлері және профессорлар қатысты. Дөңгелек үстелде әл-Фараби мен әл-Машани туралы келелі әңгімелер қозғалып, алда атқарылуы тиіс жұмыстар да айтылды.

«Ақжан Машанов ғұлама ғалым Әл-Фарабидың атын елімізге қайтарған адам.  Ақжан Машановтың еңбектерін қайта жаңғырту, зерттеу, айқындау сол мақсатпен Қазақ ұлттық универститетімен бірге өткізіп отырмыз», – деді  Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының кафедра меңгерушісі әлия АҚАТАЕВА.