|
26.03.2020 | 11:27
2417

Түркиялық әнші Абайдың әніне бейнебаян түсірді

Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді

Түркиялық әнші Абайдың әніне бейнебаян түсірді www.inform.kz

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойының аясында түркиялық әнші Айбен Ерсой Абайдың әнін шырқап, клип түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы маусым айында Қазақстанның астанасында қазақ достарымыздың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығы құрметіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған еді. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушылар ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді. Біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты туындысын заманауи аранжировкада әзірледік. Өткен аптада Ыстанбұлдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті маңында клип түсірдік. Өкінішке қарай, қауіпті вирустың таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Алайда біз бастаған ісімізді аяқтап, туындыны сіздермен бөлісуді жөн көрдік»,– деп жазды түркиялық әнші Instagram-дағы парақшасында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир