|
10.08.2020 | 13:43
2665

«Абай жолы» эпопеясының видеосаммариі жарық көрді

«Абай жолының» қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалды

«Абай жолы» эпопеясының видеосаммариі жарық көрді massaget.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жолы» роман-эпопеясының қысқаша мазмұнына doodle анимациялы видеосаммариі жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz жастар порталына сілтеме жасап.  

«Абай жолының» қысқаша мазмұны әр тарау бойынша дайындалды. Төрт томдық эпопея барлығы 28 тараудан тұрады. Бірінші томда 7 тарау, екінші томда 8, үшінші томда 6, төртінші томда 7 тарау бар. Әр видеосаммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Видеосаммари – кітаптың негізгі идеясын, мазмұнын видео түрінде ұсыну.

«Өскелең ұрпаққа Абай жәдігерлерін насихаттап, оның еңбектеріндегі ізгі ойларды дарыту аса маңызды. Біздің бұл жобамыз көрермен көңілінен шығып, Абайды тануға себеп болады деп сенеміз», – дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кішкентай көрермендердің назарын аудартып, картинаны қабылдау қабілетін арттыру үшін doodle анимация стилінде ұсынылды, дыбыстық фон қосылды. Жоба жетекшісі – Ернар Алмабек, суретшісі – Томирис Есқали, дыбыстаған – Шамшаддин Омаров.

Абай мен Ақбас адвокат

«Абай жолы» әр оқыған сайын өзгеше күйге бөлейтін эпопеялық роман. Шығарма мектеп бағдарламасына кіргенімен, оқушылар кейіпкерін көзге елестетіп, эмоция кешіп, мазмұнын есте сақтай бермейді. Тіпті ересек адамдардың өздері де романның авторын білумен ғана шектеледі.

«Абайдың туған күніне орай біз тілі де, мазмұны да күрделі шығарманың видеосаммариін дайындадық. Енді көрермен 28 тараудың мазмұнымен санаулы минуттарда таныса алады. Осылайша кітапқа деген қызығушылығы оянған олар күндердің бір күні том-томды парақтайды деген үмітіміз бар», –  дейді жоба жетекшісі Ернар Алмабек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир