Ең көбі Түркістан облысында – 10 адам
Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде аты мен тегі 3 адам ал әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген 28 адам бар.
Ең көбі Түркістан облысында – 10 адам, ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында – 3 адамнан тұрады.
Сондай-ақ Республикада ұлы ақынның 17 674 аттасы бар, оның көбі -2100 адам – Түркістан облысында, Алматы облысында – 2062, ал Нұр-Сұлтан қаласында – 1610 Абай есімді қазақстандықтар тұрады.