23-25 тамыз күндері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХХІ Республикалық Абай оқулары өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Онлайн форматта өтетін Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық. Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңге 1759 оқушы қатысты. Республикалық қорытынды кезеңге 120 оқушы қатысады деп күтілуде.
Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.