|
23.01.2020 | 18:36
7199

«Абайтану» олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды

122 қатысушының ішінен 12 оқушы оқ бойы озып шықты

«Абайтану» олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды Almaty.tv

Алматыда Республикалық «Абайтану» олимпиадасы қорытындыланып, үздік шыққан оқушылар белгілі болды. 122 қатысушының ішінен оқ бойы озып шыққан 12 оқушы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Ал екінші орынды 18 бала иеленіп, үшінші жүлделі орын 33 үміткерге бұйырды. Абайдың 175 жылдығына арналған олимпиада кеше басталған болатын. Үлкен доданың бірінші орын иегерлері жоғары оқу орындарына грантқа түсуге мүмкіндік алады.

«Олимпиададағы тапсырмалар жеткілікті деңгейде қиын болды. Бірақ әркім өз деңгейінде, дайындығына қарай шамасынша алып шықты деп ойлаймын. Республиканың әрбір облыстарынан, жан-жақтан келген түрлі сайып қырандар сайысқа түсіп, өздерінің жүлделі орындарын алды. Солардың арасынан бірінші жүлдені жеңіп алдым», – деді жеңімпаз Рамазан БАҚРАДИНОВ.

«Абайтану бойынша балалардың талаптары өте жақсы. Өйткені мектеп бағдарламасында «Абайтану» деген курс жүргізіледі. Жоғар оқу орындарында, мектепте Абайға қазақ тілі мен әдебиетінен бөлек жеке сабақтар арналынады. Сол жағынан қарағанда Абайды қазіргі жастар басқа ақын-жазушыларға қарағанда, қазақтың бас ақыны ғой, соны жақсы таниды», – дейді комиссия мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері Бижомарт ҚАПАЛБЕК.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир