|
10.08.2020 | 18:05
1604

Елордада «Абай академиясы» сериясы бойынша жарық көрген 12 кітаптың тұсаукесері өтті

Балаларға арналған танымдық жинақ та оқырманға жол тартты

Елордада «Абай академиясы» сериясы бойынша жарық көрген 12 кітаптың тұсаукесері өтті inform.kz

Елордада «Абай академиясы» сериясы бойынша жарық көрген 12 кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сиясы кеппеген туындылар ішінде белгілі ғалым, жазушылар Ерлан Сыдықовтың «Абайдың ғұмырнамасы», Ғарифолла Есімнің «Абай пәлсапасы», Серік Негимовтың «Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы», Тұрсын Жұртбайдың «Соқтықпалы, соқпақсыз заманда өсті...» атты еңбектері бар. Сондай-ақ, «Абай және Алаш сабақтастығы: тарихи-философиялық, әдеби-лингвистикалық аспект», «Абай және қазақ социумы», «Абайдың педагогикалық дүниетанымы» атты ұжымдық монографиялар мен «Бес асыл іс» балаларға арналған танымдық жинақ оқырманға жол тартты.

«Менің үш әкем бар деймін, бірінші әкем бойыма сіңірген жастайынын ол – Ахмет Байтұрсынов. Ал үлкен әкем – Абай, содан кейін өз әкем деймін. Осы үшеуінің рухына мен сиынып жүремін. Міне, он айдан асып кетті. Күндіз-түні Абайдың текстологиясы, өмірбаяны, бейнелік теңеу астарлы меңзеулері туралы 2 жаңа кітап жазылды. Бұрынғылары өңделіп, 4 кітап «Абай» академиясының сериясымен шығып тұр...», – деді абайтанушы Тұрсын Жұртбай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир