|
21.01.2020 | 19:49
6306

Нұр-Сұлтанда Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау шаралары басталды

Абай шығармаларының жинағы шетелдің 10 тіліне аударылады

Нұр-Сұлтанда Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау шаралары басталды Almaty.tv.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығында үш деректі фильм түсіріледі. Кемеңгер тұлғаның туған жері Семейде тарихи-мəдени нысандарда ғылыми-жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Ол туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен Абай жылына арналған салтанатты шарада Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді. Айтулы кешке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өту үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың мамырында Жарлыққа қол қойды. Мазмұнды мақала жариялады. Енді, міне, барлық шаралардың салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті. «Астана-опера» театрында дана Абайдың шығармалары орындалды. Үлкен концертке танымал әншілер мен өнер ұжымдары қатысты. Жасөспірімдер Абай өлеңдерін бірнеше тілде нақышына келтіріп оқыды. 

Мерейтой аясында қолға алынатын маңызды жобалардың бірі – Абай шығармаларының жинағы шетелдің 10 тіліне аударылады. Осылайша, 3000 данамен әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады. Бұл хакім Абайды төрткүл дүниеге одан әрі танытудың бір жолы болмақ. Ал, Абай атындағы опера және балет театры Ресей, Түркия мен Қытайға гастрольдік сапармен барып, ұлы ақынның мұрасын насихаттайды. Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестр және Мүсірепов атындағы балалар театры ел ішін аралайды.

Ләла Баймағамбетова – Хакім Абайдың ұрпағы. Әрдайым мақтаныш сезімде жүретіндерін айтады. Және дананың ұрпағы деген атқа лайық болып, даралану үшін білімнің қайнар бұлағынан сусындауға барымызды саламыз дейді.

Биыл Абайдың мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттауға басымдық беріледі. Осыған орай, музыкалық, поэзиялық және басқа да шығармашылық байқаулар өткізіледі. Негізі, мерейтой аясында ақындар айтысы ұйымдастырылады. Мәселен, 8 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлы даланың ұлы ақыны» тақырыбында ақындар айтысы өтетін болады. Ал, зиялы қауым өкілдері Абайдың мұрасы мен тұлғасын танытатын шаралар мұнымен шектелмеу керек. Әлі жете түсініп, терең зерттеп Абайды өз деңгейіне көтерген жоқпыз дейді

АСЫЛБЕК ТОЙБЕК «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир