Алматыда «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесі ашылды

Алматыда «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесі ашылды
Ақынның ғибратты ғұмырын қауымға кеңірек таныту мақсатында онлайн байқау жариялауды жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Абай – тұтас бір әлем» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәдени шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында қолға алыныпты. Ұйымдастырушылар бұдан бөлек, ақынның ғибратты ғұмырын, рухани шығармашылығын, қауымға кеңірек таныту мақсатында онлайн байқау жариялауды жоспарлап қойған. Бұл жобаға Абайдың туындыларын мәнерлеп оқитын кез келген оқырман қатысуына болады.

«Кітап көрмесінде негізі бізде 185-тен астам Абай әлеміне байланысты көптеген кітаптар, шығармалар, аудармалары шоғырланған. Бірнеше бөлімнен құрастырылған. Жан-жақты Абай әлемін оқырмандарға таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылып отыр» - деді қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ләззат СПАТАЕВА.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Абайдың туған жерін, Семей өңірін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді дамытуды қолға алуды тапсырған еді. Көрмеге келген ақынның ұрпақтары мұндай жаңалықты естіп, көзайым болғандарын айтады. Ал көрме ғұламамен байланысты жан-жақты материалдармен толықтырылып, жыл соңына дейін ашық болады.

«Өздеріңіз білесіздер Шәкәрім атаны құр құдыққа денесін лақтырып, сол жақта қалады ғой, отыз жылдан кейін баласы Ахат қазып алып шығады да, сол сүйекті Қарауылды ауылдағы үйде сол жақта арулап сол үйден шығарған болатын. Сол үйде менің балалық шағым өтті. Әлі күнге дейін ол үй бар. Әлі күнге дейін сол үйде ұрпақтары жалғасуда» - Абай Құнанбайұлының інісі ысқақтың ұрпағы Нұргүл ЫСҚАҚОВА.

Новости партнеров