Республика күні: «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты дөңгелек үстел өтеді

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Дөңгелек үстелге ҚХА мүшелері, белсенді тіл жанашырлары қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесінде 25-қазан Республика күні ұлттық мереке мәртебесіне қайта ие болған күн. Республика күніне орай Алматы қаласының «Достық» үйінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдері мен қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілерінің қатысуымен «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дөңгелек үстелге ҚХА мүшелері, белсенді тіл жанашырлары қатысады. Іс-шарада мемлекеттік тілдің қоғамдық  тұрақтылықты сақтаудағы маңызы, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналдыру туралы өз пікірлерін ортаға салады.

Мемлекет Басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» деген болатын. Қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау барлық қазақстандықтарға ортақ іс.  

Алматы қаласы әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында Алматы қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен түрлі байқаулар мен іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтау мен дамыту мақсатында этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылған.

Бұл іс-шараның мақсаты - Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, сонымен қатар этнос өкілдерінің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру.


Новости партнеров