Қазақстанда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында шаралар қабылдануда
Қазақстанда 2026 жылы көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 21 мыңнан астам жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 246 адам түрлі негіздер бойынша диспансерлік есептен шығарылған. Полиция департаменттерінің аумақтық бөлімшелері 13 мыңнан астам азаматқа қатысты сотқа талап арыз жолдаған. Заңды күшіне енген сот шешімдері бойынша 7,4 мың жүргізуші куәлігінің қолданысы тоқтатылған.
Министрлікте көлік басқару құқығын шектеу адамның денсаулық жағдайы жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін болған жағдайда және медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде ғана жүзеге асырылатынын атап өтті. Мұндай фактілер анықталған жағдайда ақпарат полиция қызметкерлеріне беріледі. Жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтату туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Қандай диагноздар бойынша көлік басқаруға болмайды?
Көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін Денсаулық сақтау министрлігі 2015 жылы бекіткен. Ол абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсетілімдерді, сондай-ақ көліктің жекелеген санаттарына қатысты шектеулерді қамтиды.
1. Көлік құралдарын басқаруға абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдер
Бұл санатқа мынадай аурулар мен жағдайлар жатады:
Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары:
-
органикалық, оның ішінде симптоматикалық психикалық бұзылыстар (субкомпенсация және декомпенсация сатысында);
-
шизофрения, шизотиптік және сандырақтық бұзылыстар;
-
көңіл күй бұзылыстары (аффективті бұзылыстар);
-
ересек жастағы тұлғалық және мінез-құлық бұзылыстары;
-
ақыл-ой кемістігі.
Психобелсенді заттарды қолдануға байланысты бұзылыстар:
-
диспансерлік бақылаудың белгіленген мерзімінен бастап ремиссия кезеңі екі жылдан аз болған жағдайда психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.
Жүйке жүйесінің аурулары:
-
эпилепсия.
Көз аурулары:
-
ахроматопсия – адам түстерді ажырата алмайтын, қоршаған ортаны тек сұр түстер реңктерінде көретін сирек туа біткен тұқым қуалайтын көз ауруы;
-
екі көздің де көрмеуі.
2. Көлік құралдарын басқаруға салыстырмалы медициналық қарсы көрсетілімдер
Кейбір аурулар мен дене ерекшеліктері болған жағдайда арнайы жабдықтарды пайдалану арқылы көлік басқаруға рұқсат етіледі.
Тек қолмен басқару жүйесі бар автокөлікті жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
-
қозғалысын едәуір қиындататын табан деформациясы;
-
төменгі аяқ-қолдың 6 сантиметрден артық қысқаруы (тізбеде көзделген ерекшеліктерді қоспағанда);
-
екі жамбастың ампутациялық тұқылдары;
-
екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;
-
бір аяқ-қолдың жамбас немесе сирақ тұқылы болған жағдайда екінші төменгі аяқ-қолдың қозғалыс немесе статикалық функцияларының едәуір бұзылуы;
-
тұру мен жүруді айтарлықтай қиындататын төменгі аяқ-қолдың, жамбастың немесе омыртқаның тұрақты деформациясы не ауруы;
-
отыру мүмкіндігі сақталған жағдайда төменгі аяқ-қолдардың салдануы немесе парезі;
-
бір төменгі аяқ-қолдың жүйке-тамыр шоғыры зақымданып, трофикалық бұзылыстардың, соның ішінде жазылмайтын ауқымды жаралардың болуы.
Тек автоматты беріліс қорабы (АКПП) бар автокөлікті жүргізуге мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:
-
жоғарғы аяқ-қолдың немесе қол басының болмауы;
-
төменгі аяқ-қолдың немесе табанның болмауы;
-
қол басы немесе табан қозғалысын едәуір қиындататын деформация;
-
бір мезгілде жоғарғы аяқ-қолдың бірі болмаған жағдайда жамбас немесе сирақ тұқылының болуы;
-
бір қолдың бас бармағындағы екі фаланганың болмауы;
-
бір қолдың екі немесе одан да көп саусағының болмауы немесе қозғалмауы;
-
орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан кейінгі гемиплегия түріндегі қалдық құбылыстар.
Бір көз көрмеген жағдайда көлік құралын акустикалық тұрақ жүйесімен жабдықталған кезде басқаруға рұқсат етіледі.
Көру қабілетінің төмендеуіне әкелетін рефракция аномалиялары кезінде көзілдірік немесе контакт линзаларын пайдалану арқылы көру өткірлігі белгіленген деңгейге жетсе, көлік басқаруға болады.
Есту қабілеті төмендеген жағдайда есту аппаратын немесе сөйлеу процессорын қоса алғанда, техникалық оңалту құралдарын пайдалану арқылы қажетті есту деңгейіне қол жеткізілсе, көлік басқаруға рұқсат етіледі.
3. Көлік құралдарының жекелеген санаттарын басқаруға арналған медициналық шектеулер
B, BE, C, CE, D, DE, Tm және Tb санатындағы, сондай-ақ A1, B1, C1, D1, C1E және D1E кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға қатысты жеке медициналық қарсы көрсетілімдер белгіленген.
Мотоцикл үлгісіндегі отырғышы немесе рөлі бар B және BE санатындағы, сондай-ақ B1 кіші санатындағы көлік құралдары үшін мынадай шектеулер қарастырылған:
-
екі көз ашық болған жағдайда түзету құралдарын қолданғанның өзінде жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0,6-дан, ал нашар көретін көздің көру өткірлігі 0,2-ден төмен болуы;
-
бір көз көрмеген жағдайда екінші көздің түзетумен көру өткірлігі 0,8-ден төмен болуы;
-
асқынулар болмаған жағдайда да көздің қасаң қабығына немесе басқа да рефракциялық операциялар жасалғаннан кейін бір ай өтпеуі;
-
көру функциясының едәуір бұзылуына әкелетін көз қабықтарының созылмалы аурулары;
-
кез келген этиологиядағы қылилық салдарынан тұрақты диплопия;
-
қарашықтардың орташа жағдайдан 70 градусқа ауытқуымен сипатталатын спонтанды нистагм;
-
кез келген меридианда көру өрісінің 20 градустан астам шектелуі;
-
бір жоғарғы немесе төменгі аяқ-қолдың, қол басының немесе табанның болмауы, сондай-ақ олардың қозғалысын едәуір қиындататын деформация;
-
бір қолдың бас бармағындағы екі фаланганың болмауы немесе бір қолдың екі және одан да көп саусағының болмауы не қозғалмауы;
-
төменгі аяқ-қолдың 6 сантиметрден артық қысқаруы (тізбеде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып);
-
вестибулярлық анализатор функциясының бұзылуына, бас айналуға немесе нистагмға әкелетін кез келген этиологиядағы аурулар, соның ішінде Меньер ауруы, лабиринтит және вестибулярлық криз.
Мотоцикл үлгісіндегі отырғышы немесе рөлі жоқ B және BE санатындағы, сондай-ақ B1 кіші санатындағы көлік құралдары үшін мынадай қарсы көрсетілімдер белгіленген:
-
екі көз ашық болған жағдайда түзету құралдарын қолданғанның өзінде жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0,6-дан, ал нашар көретін көздің көру өткірлігі 0,2-ден төмен болуы;
-
асқынулар болмаған жағдайда көздің қасаң қабығына немесе басқа да рефракциялық операциялар жасалғаннан кейін бір ай өтпеуі;
-
көру функциясының едәуір бұзылуына әкелетін көз қабықтарының созылмалы аурулары;
-
кез келген этиологиядағы қылилық салдарынан тұрақты диплопия;
-
қарашықтардың орташа жағдайдан 70 градусқа ауытқуымен сипатталатын спонтанды нистагм;
-
кез келген меридианда көру өрісінің 20 градустан астам шектелуі;
-
екі жоғарғы аяқ-қолдың немесе қол басының болмауы не олардың қозғалысын едәуір қиындататын деформация;
-
орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан кейінгі жоғарғы параплегия түріндегі қалдық құбылыстар;
-
вестибулярлық анализатор функциясының бұзылуына, бас айналуға немесе нистагмға әкелетін кез келген этиологиядағы аурулар.
C, CE, D, DE, Tm және Tb санатындағы, сондай-ақ C1, D1, C1E және D1E кіші санатындағы көлік құралдарын басқаруға мынадай медициналық қарсы көрсетілімдер бар:
-
екі көз ашық болған жағдайда түзету құралдарын қолданғанның өзінде жақсы көретін көздің көру өткірлігі 0,8-ден, ал нашар көретін көздің көру өткірлігі 0,4-тен төмен болуы;
-
екінші көздің көру өткірлігіне қарамастан бір көздің көрмеуі;
-
асқынулар болмаған жағдайда көздің қасаң қабығына немесе басқа да рефракциялық операциялар жасалғаннан кейін бір ай өтпеуі;
-
көру функциясының едәуір бұзылуына әкелетін көз қабықтарының созылмалы аурулары;
-
кез келген этиологиядағы қылилық салдарынан тұрақты диплопия;
-
қарашықтардың орташа жағдайдан 70 градусқа ауытқуымен сипатталатын спонтанды нистагм;
-
кез келген меридианда көру өрісінің 20 градустан астам шектелуі;
-
жоғарғы аяқ-қолдың немесе қол басының болмауы;
-
төменгі аяқ-қолдың немесе табанның болмауы;
-
қол басы немесе табан қозғалысын едәуір қиындататын деформация;
-
бір қолдың бас бармағындағы екі фаланганың болмауы немесе бір қолдың екі және одан да көп саусағының болмауы не қозғалмауы;
-
орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан кейінгі гемиплегия немесе параплегия түріндегі қалдық құбылыстар;
-
төменгі аяқ-қолдың 6 сантиметрден артық қысқаруы (тізбеде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып);
-
айқын неврологиялық белгілері бар бас сүйек сүйектерінің жарақаттық деформациялары мен ақаулары;
-
бір немесе екі құлақтың сөйлесу тілін 3 метрден аз қашықтықтан, ал сыбырлап айтылған сөзді 1 метрден немесе одан да аз қашықтықтан қабылдауы, есту қабілетін өтеу тәсіліне қарамастан;
-
вестибулярлық анализатор функциясының бұзылуына, бас айналуға немесе нистагмға әкелетін кез келген этиологиядағы аурулар, соның ішінде Меньер ауруы, лабиринтит және вестибулярлық криз.
Сонымен қатар тізімде бойы 150 сантиметрден төмен болу да аталған санаттағы көлік құралдарын басқаруға медициналық қарсы көрсетілім ретінде көрсетілген.