Энтони Блинкен қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

25.10.2022 21:09
ашық дереккөзден

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Америка Құрама Штаттарының атынан барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын. Америка Құрама Штаттары Қазақстанның егемендігіне, тәуелсіздігіне және аумақтық тұтастығына адал. Біз алдағы жылдары қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтуға үміттенеміз», делінген құттықтау мәтінінде.

Айта кетсек, АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі.