Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары Әнұран шырқады
Almaty.tv
Ауданда екі саябақ ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Наурызбай ауданында 500-ге тарта тұрғын мемлекеттік Әнұранды шырқау үшін жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ел Әнұранын әуелеткен азаматтар ұлттық мерекені ұлықтауға осылайша өз үлестерін қосты. Қос қуаныш қатар келген аудан тұрғындарын жергілікті әкімдік өкілдері де арнайы құттықтады.
«Бүгін ауданымызда екі үлкен саябақ ашу жоспарланып отыр. Біреуі – Ақжар ықшамауданында, екіншісі Қалқаман ықшамауданында. Осы уақытқа дейін саябақтың ең үлкені осы әкімдіктің алдында ғана болған және Тастыбұлақта болған. Ақжарық пен Қалқаман ықшамауданында болмаған», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10