Республика күніне орай Атырау тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр

pricom.kz
pricom.kz
Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгін қоғамдық көліктер 31 маршрутпен жолаушы тасымалдауға шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Атырау тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Smart Atyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, бүгін, 25 қазанда қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап жүр.

«Бүгін елімізде 25 қазан – Республика күні қайтадан аталып өтіп жатыр. Осыған орай атыраулықтар мен қонақтар қала ішінде және оған таяу орналасқан елді мекендерге қатынайтын барлық қоғамдық көлікте тегін қатынап жүр. Атырау қалалық әкімдігі мен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады», - деп хабарлады Арслан Аронов.

Ал, Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, бүгін қоғамдық көліктер 31 маршрутпен жолаушы тасымалдауға шыққан.

«Мұнайлы шаһар мен оған іргелес елді мекендерге жолаушыларды алты кәсіпорын тасымалдайды. Бұл кәсіпорындардың иелігінде 240 автобус бар. Кәсіпорындар күн сайын кестеге сәйкес 240 автобусты маршрутқа шығарады. Бүгін, 25 қазанда Атырау қаласының аумағы мен оған іргелес қоныстанған елді мекендерге жолаушыларды тасымалдау үшін 240 автобус маршрутқа шықты. Автобустар кестеге сәйкес шаһар тұрғындары мен қонақтарды тегін тасымалдауды жалғастырады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Новости партнеров