Республика күні - әрбір қазақстандықтың жүрегіне үлкен дем беретін мереке. Осылай деген әнші Дастан Оразбеков қазақ елін айтулы мерекемен құттықтады.
«Республика күні менің ойымша, әрбір қазақстандықтың жүрегіне, санасына және патриоттық сезіміне үлкен дем беретін мерекелердің бірі. Құрметті қазақ елі сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!» - деді әнші Дастан Оразбеков.
29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.