Алматыда Республика күніне орай оқушылар диктант жазды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қорытындысы талқыланып, талданып, әлеуметтік желілерге салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматының барлық колледждерінде Республика күніне орай жалпыұлттық диктант жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл іс-шарадан №1 Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі де тыс қалмады. Қазақ және орыс тілінде «Туған жер» тақырыбында диктант жазуға 1-2 курс студенттері қатысты. Аталмыш білім мекемесінің директоры мұндай іс-шара жастардың патриоттық сезімін арттырады дейді. Ұстаздардың айтуынша, колледж педагогикалық бағытта білім беретіндіктен жыл сайын студенттердің көрсеткіші де жақсарып келеді.

«Біздің №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінде де Республика күніне орай жалпыұлттық Республикалық диктант, патриоттық негізде диктант жазды. Қазіргі уақытта  1-2-курстың студенттері толық қатысты. Диктанттың жалпы қорытындысы талқыланып, талданып, әлеуметтік желілерге салынады», – деді №1 Қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж директоры Мағишат Меңдіғазиева.


Новости партнеров