Біз сол кезде құжат қабылдау арқылы егемендігімізді жарияладық - Нұрлыбек Қуаңбаев

16.10.2022 00:39

Біз нақты құжатты қабылдау арқылы егеменді ел болатыңымызды сол кезде жарияладық. Осылай деген "Желтоқсан қоғамы" бірлестігінің төрғасы Нұрлыбек Қуаңбаев еліміз жаңа кезеңге қадам басқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Тоқсаныншы жылы егемендік декларациясы қабылданды. Яғни біз нақты құжатпен өзіміздің егеменді ел болатыңымызды сол кезде жарияладық. Сондықтан бұл күн Республика күні деп жарияланды және біз оны тойлауға тиістіміз. Халықтың көңілі көтеріліп, молшылық кеңшілікте тойлауға, халық та, мен де құптаймын. Біз өте жақсы, жаңа кезеңде тұрмыз", - деді "Желтоқсан қоғамы" бірлестігінің төрғасы Нұрлыбек Қуаңбаев.