Мәдина Сәдуақасова Республика күніне арнап ән жазып жатыр

18.10.2022 02:11
Almaty.tv

Әнші Мәдина Сәдуақасова Республика күніне орай ән жазып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнші Президенттің 25 қазанды ұлттық мереке деп қабылдауы дұрыс шешім екенін айтады. 

«Еліміздің басты мерекесі - Республика күнін биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке деп қабылады. Бұл шешімді дұрыс деп қабылдаймыз, қолдаймыз. Мерекеге орай ән жазып жатырмыз. Қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Отанымыз гүлдене берсін!» – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Сәдуақасова.