25 қазан – әр отбасында тойлануы керек
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«25 қазан – әр отбасында тойлануы керек». Белгілі актер Қайрат Әділгерей Республика күнінің ерекшелігін айтты.
«Республика күні, шынымен де, елдің Республика болып аталуының себебі ғой. Барлығы тәуелсіздіктің арқасы. Бұл күнді әр азамат күтетін жағдайда болуы керек. «Отан – отбасынан басталады» дейді ғой, бұл күн әр жанұяда тойлануы керек», – деді актер Қайрат Әділгерей.
29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.
Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді
07.10.2026 12:52
Қазақстанда балаға берілетін әлеуметтік төлемдер өзгеруі мүмкін бе
07.10.2026 09:54