Нариман Табынбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қымбатты отандастар! Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түсті. Тарих тұрғысынан алғанда, 30 жыл көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халық үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір.

Қазіргі пандемия және соның салдарынан туындаған дағдарыс бүкіл әлемнің бұрын болмаған жаңа сынақтармен бетпе-бет келіп отырғаны анық. Экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, биологиялық және басқа да қатермен қоса, жер жүзіне жағымсыз идеологиялық вирустар да жайылды. Жаһандану кезінде ел жат жұрттың ықпалына бейсаналы түрде ілесіп кеткенін аңғармай да қалды.

Коронавирустық инфекциясы кезеңінде Алматы қаласының медицина қызметкерлері пандемиямен күресте шынайы батылдық пен ерлік көрсете білді. Құрметті ақ халатты абзал жандар халық, ұлт денсаулығы жолында атқарып жатқан игілікті жұмыстарыңыз жемісті болғай.

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.

Ұрпағымыздың ырысы ортаймай, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!" – дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев.

Новости партнеров