1999 ақпан-наурыз айларында өткен санақ барысында халық саны 14 млн. 652,7 мың адамға жетсе, ондағы қазақ ұлты 53,4 пайызды құрады
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жарияланды. Яғни, ұлттың тарихи танымына мемлекеттік мән беріле бастады. Шын мәнінде ел теуелсіздігі нығайып, алдағы даму реформаларын сәтті жүргізудің бірден-бір кепілі - ұлт бірлігі мен қоғамдық келісім. Ал ұлттық, ұлтаралық тұтастықты сақтау ұрпақтардың өзара ықпалдастығын тиімді үйлестіретіні сөзсіз.
1999 жыл:
- 10 қаңтар - ҚР Президентінің сайлауы өтті. Тұңғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып 81,71 пайыз дауыс алған Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды;
- 28 қаңтар - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Дауостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жұмысына қатысты;
- 2 сәуір - Мәскеуде ТМД Мемлекет Басшыларының кеңесі өтті. Оған 12 елдің басшысы қатысты. Отырыс барысында Ұжымдық Қауіпсіздік келісімін ұзарту (Өзбекстан, Әзербайжан, Грузиядан басқа) туралы хаттамаға, ТМД-ның даму бағыттары туралы декларацияға, 1994 жылғы 15 сәуірде қабылданған Еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, ТМД органдарының құрылымын реформалау және жетілдіру туралы шешімге қол қойылды;
- 24 тамыз - Бішкекте «Шанхай бестігі» елдері Мемлекет Басшыларының саммиті өтті;
- 16 сәуір - Алматыға жұмыс сапарымен Палестина мемлекетінің Президенті Я.Арафат келді; #АлматыТәуелсіздікбесігі
- 29 қазан - Қазақстан Республикасына Польша Президенті А.Квасьневскидің алғашқы ресми сапары болды; - 18 қараша - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Стамбұлда ЕҚЫҰ саммитінің жұмысына қатысты. Саммит барысында Жалпы еуропалық қауіпсіздік хартиясына қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түрікменстан Президенттері Баку-Жейхан мұнай қыбырын қолдайтын Стамбұл декларациясына қол қойды; - 22 қараша - Астанада «Қазақстан-Еуропалық Кеңес» ынтымақтастық комитетінің бірінші отырысы өтті;
- 16 желтоқсан - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йоркке сапары жолында қысқа мерзімге Мадридте тоқтады. Испанияның королі Хуан Карлос I-мен және испан үкіметінің төрағасы Х.Ансармен кездесулері болды;
Сонымен қатар, 1999 жылдың басты оқиғаларының бірі Тәуелсіздіктен кейін алғаш рет ұлттық халық санағы өтті. 1999 ақпан-наурыз айларында өткен санақ барысында халық саны 14 млн. 652,7 мың адамға жетсе, ондағы қазақ ұлты 53,4 пайызды құрады. Бұл шын мәнінде егемен елдің зор жетістігі болатын. #Тәуелсіздікке30жыл
Сонымен қатар, 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ең алғашқы Жолдауын жариялаған еді.
Дереккөз: inform.kz