Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Марат Омаров АҚШ-та өнер көрсетті

Ғаламтордан
Ғаламтордан
Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Марат Омаров АҚШ-та өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған "Коронавирус, кет" әнін ағылшын тілінде орындайды.

Омаровты Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан. Әнсапар желтоқсанның 28-іне дейін жалғасады. Әнші шетелде жүрсе де қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын. Еліміз әрдайым ынтымақтастықты, достықты қолдайды. Мен сонау Қазақстаннан келіп отырмын. Жаңа ғана Нью-Джерси штатынан Нью-Йоркқа келдім. Жайна, Қазақстан, алға, Қазақстан!"  – дейді Марат Омаров.

Новости партнеров