Алматыда қазақ өнерін шетелге танытып жүрген жас әншінің жеке концерті өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жас ұрпақты қазақ өнеріне баулу мақсатында кештің шымылдығын Ұлттық аспаптар оркестрі ашты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақтың шын есімі – Тәуелсіздік». Ел егемендігінің 30 жылдығына орай дәл осындай атаумен Құрманғазы оркестірінде қазақ өнерін шетелге танытып жүрген жас әнші Балжамал Нұрлыбекқызының жеке шығармашылық концерті өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас ұрпақты қазақ өнеріне баулу мақсатында кештің шымылдығын Ұлттық аспаптар оркестрі ашты. Жас өнерпаз Әсет Бейсеуовтің әндерін жанды дауыста орындап, көрермен ықыласына бөленді. Концертте қазақ үшін кеудесін оққа тосқан батыр апаларымыздың құрметіне арнап «Мен қазақтың қызы» атты әннің тұсауы кесілді.  

«Бұл концертті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қариялар мен мүмкіндігі шектеулі балаларымызға көңіл күй сыйлайды деген ниетпен өткізіп отырмыз», – деді продюсер Лариса Мақсатқызы.

«Тәуелсіздікке орай клип түсірдік, ән жаздық, енді концерт беріп  жатырмыз. Бірінші концерт өзімнің туған өлкем Ақтөбе қаласында өтті. Енді міне, Алматы қаласында өтуге мүмкіндік түсті», – дейді әнші Балжамал Нұрлыбекқызы.

Новости партнеров