Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алматы академиясының курсанттары арасында ән фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Білім беру мекемесінің 65 жылдығына орай өткізілген мерекелік шараның мақсаты – болашақ полиция қызметкерлерінің идеологиялық имиджін көтеру. Фестивальдің ең бір ерекшелігі –қатысушылар 3 тілде ән шырқап, түрлі сахналық қойылымдар қойды. Сонымен қатар қызмет үстінде жан тапсырған аға буынды еске алды. Кеш соңында құқық қорғау органдары өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, ән фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады.
«Ішкі істер органдарын реформалауға бағытталған сервистік полицияға көшу, яғни полиция қызметкерлері қоғаммен жұмыс істегенде ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлеуді насихаттау бойынша осындай ауқымды шара өткізудеміз», – деді ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бөлімінің бастығы Елнар Жақиянов.