Елдің Тәуелсіздік алар жолында Алматының тарихта алар орны ерекше – Оразалы Сәбденов

Елдің Тәуелсіздік алар жолында Алматының тарихта алар орны ерекше – Оразалы Сәбденов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық Тәуелсіздігіміз – қазақ халқы үшін қашан да киелі, қастерлі, мәні мен мәртебесі жоғары саналатын асыл қазына. Оның ішінде, Алматы қаласының алар орны ерекше. Бұл туралы XII шақырылымындағы Жоғарғы Кеңес депутаты, Жоғарғы Кеңес Президиумының мүшесі, ҚР Парламентінің депутаты Оразалы Сәбденов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тәуелсіздік туралы» Мемлекеттік Заңды қабылдаған кезде, барлығы да Президенттен бастап алаңдады. Біз еліміз үшін тағдыршешті оқиғаларға қатыстық. Конституцияны,  нарықтық заңдарды, Туды, Елтаңбаны қабылдадық. Алғашқы жылдары қиын болды. Алматы бұл оқиғаларда үлкен рөл атқарды, бұрын бүкіл Қазақстан біздің қаламызға қарайтын.  Француздар: «ұлы адамдар шалғайда туылғанымен, Парижде дүниеден өтеді» дейді. Осылайша Алматыда зиялы қауым, көптеген ғалым өмір сүріп жатыр. Бүгінде қалада 2 миллионнан астам адам бар, жастар көп, біз, аға буын, эстафетаны жастарға бердік. 

Енді еліміздің барлық жетістігін еселеу маңызды. Бүгін біз тамаша қойылым-концерттің көрермені мен қатысушысына айналдық, ол бізге позитивтілік теңізін, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес эмоция мен жақын арада Республика Сарайының қонақжай залына оралуға деген ықыласты сыйлады!» – деді XII шақырылымындағы Жоғарғы Кеңес депутаты, Жоғарғы Кеңес Президиумының мүшесі, ҚР Парламентінің депутаты Оразалы Сәбденов.

Новости партнеров