Мамандар ағзаның қажеттілігіне сай су ішу тәртібін сақтауға кеңес береді
Күнделікті өмірде су ішу маңызды әдеттердің бірі болғанымен, оны дұрыс мөлшерде әрі уақытында тұтыну денсаулыққа тікелей әсер етеді. Мамандар ағзаның қажеттілігіне сай су ішу тәртібін сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Диетолог дәрігерлердің айтуынша, суды тамақ алдында да, тамақ кезінде де, тамақтан кейін де ішуге болады. Алайда ең бастысы – ағзадағы белгілеріге құлақ салып, мөлшерден аспау. Суды күні бойы бірден көп ішкеннен гөрі, әр 10 минут сайын 1-2 жұтымнан ішкен тиімді.
Сондай-ақ таңертең бір стакан жылы су ішу метаболизмді белсендіруге көмектеседі. Егер таңғы асқа тәбет төмен болса, суға аздап лимон немесе алма сірке суын қосуға болады.
Мамандар тамақ кезінде суды шамадан тыс ішу асқазан сөлін сұйылтып, ауырлық сезімін туындатуы мүмкін екенін ескертеді. Күніне қажетті су мөлшері әйелдер үшін – дене салмағының әр килограмына шамамен 30 мл, ал ерлер үшін 35 мл деп есептеледі.
Бұдан бөлек, ағзаға қажетті сұйықтықты шөп шайлары, сорпа, морс секілді сусындар арқылы да алуға болады.
Дәрігерлер ағзадағы су тапшылығының негізгі белгілерін де атады. Олардың қатарында шөлдеу, ауыз бен терінің құрғауы, іш қату, зәрдің қоюлануы, бас айналу және тез шаршау бар.
Ал диетолог мамандар дұрыс тамақтану аясында адыгей ірімшігін пайдалы өнім ретінде атады. Оның құрамында ақуыз, кальций, магний, мырыш және А, В, D, K дәрумендері мол. Сонымен қатар аминқышқылдары жүйке жүйесіне оң әсер етіп, ұйқыны жақсартуға көмектеседі.
Дегенмен дәрігерлер кез келген ірімшіктің калориясы жоғары болатынын ескертіп, оны мөлшермен тұтынуға шақырады. Әсіресе салмағын бақылап жүрген адамдарға күніне 50 граммнан асырмай, майлылығы төмен түрлерін таңдаған жөн.
Дереккөз: Lenta.ru
Оқи отырыңыз: Баланы смартфонға тәуелділіктен қалай арылтуға болады – пайдалы кеңес