Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған рекордтар кітабы жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл жинақ ішіндегі деректердің үштен бірі қайта жаңартылып, тың мәліметтермен толықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рекордтар кітабының 12-ші басылымы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Туындыда Қазақстан спортшылары, медицина, режиссура, әдебиет салаларының қызметкерлері, жыл адамдары, сондай-ақ фотографтар мен қолөнершілердің тың дүниелері жарияланған.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, биыл жинақ ішіндегі деректердің үштен бірі қайта жаңартылып, тың мәліметтермен толықты.

Мерекелік шарада Гиннестің рекордтар кітабына енген «Қазақ Титаны» – Алмат Жұманов, 14 жастағы жас композитор Нұрәлі Бейсеқожа және тісі арқылы 32 келі гір тасын көтерген Айдын Нұржұма өнер көрсетті. Жиын соңында отандық рекорд орнатқан 14 адам арнайы сертификатпен марапатталды.  

«Біз тек тың істерді, рекордтық нәтижелерді ғана тіркейміз. Сондықтан биографиялық соны мәліметтер жоқ. Фактілер екі-үш сөйлеммен ғана лаконикалық түрде беріледі. Сондай-ақ біз көптеген рекорттың ішінен тек адамды рухтандыратын, шығармашылық табыстарға жетілдіретін жетістіктерді ғана тіркеуге, тізуге тырысамыз», – деді Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы Қуаныш Тазабек. 

Новости партнеров