Алматыда «Әлихан Бөкейханов – аңыз адам» атты кітаптың тұсаукесері өтті

стоп-кадр
стоп-кадр
Ғалым Виктор Козодойдың еңбегі мұрағаттан алынған ақпараттарға сүйеніп жазылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында тарих ғылымдары докторы Виктор Козодойдың «Әлихан Бөкейханов – аңыз адам» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылым ордасында ұйымдастырылған шарада туынды авторы Алашорда үкіметінің жетекшісі туралы бірі білсе, бірі біле бермейтін деректерді де өз туындысына қосқанын айтты. Еңселі егемендігіміздің 30 жылдығы қарсаңында оқырманға жеткен кітап ұлт зиялысының ғұмырын толық қамтыған. Еңбек мұрағаттан алынған ақпараттарға сүйене отырып жазылыпты. 

«Бұл еңбекті 2 жылдай жаздым. Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы 10 қаланы аралап, 12 мұрағаттың табалдырығын тоздырдым. Көбіне Алматыда болып, Орталық мұрағаттан тың деректерді таптым», – дейді тарих ғылымдарының докторы Виктор Козодой.

Новости партнеров