Банктік шот бұғатталған кезде не істеу керек

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Бұғаттаудың себептері әртүрлі болуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Банктік шотты бұғаттау – банк клиенті тап болуы мүмкін жағдай. Бұғаттаудың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін еске салады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шотты бұғаттаудың ықтимал себептері:

  • алаяқтық немесе әдеттен тыс операцияларға күдіктің болуы (мысалы, ірі немесе жиі аударымдар, әсіресе шетелден);
  • мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша бұғаттау (салық қызметі, сот орындаушылары, қаржы мониторингі органдары);
  • банк жүйесіндегі техникалық ақау немесе қате;
  • қате ПИН-кодты енгізу, картаның қолданыс мерзімінің аяқталуы.

Егер шот бұғатталған болса не істеу керек?

Егер сіз шотқа қолжетімділік шектелгенін байқасаңыз, бірінші кезекте банктің мобильдік қосымшасындағы хабарламаларды тексеріңіз,  себебі сол жерде көрсетілуі мүмкін.

Банкпен колл-орталық арқылы байланысыңыз немесе толық ақпарат алу үшін жақын жердегі бөлімшеге хабарласыңыз. Кіруді қалпына келтіру үшін қандай әрекеттер қажет екенін анықтаңыз.

eGov.kz немесе салық төлеушінің кабинеті арқылы ықтимал берешектің болуын тексеріңіз. Қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін растайтын құжаттарды дайындаңыз және ұсыныңыз.

Бұғаттау тәуекелін қалайша төмендетуге болады:

  • кәсіпкерлік қызмет үшін жеке шотты пайдаланбаңыз;
  • ірі аударымдар және өзге де әдеттегіден тыс операциялар туралы банкке алдын ала хабарлаңыз;
  • дербес деректердің өзектілігін және құжаттардың қолданыс мерзімдерін қадағалаңыз;
  • берешектің болуын үнемі тексеріп отырыңыз және оларды уақытылы төлеңіз.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда екінші АЭС-тің атауы анықталды

Новости партнеров