Алматының Медеу ауданының еңбегі сіңген азаматтары марапатталды

Түрлі ұйымда еселі еңбек еткен тұрғындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Алматының Медеу ауданының еңбегі сіңген азаматтары марапатталды Almaty.tv

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шаһардың әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру мақсатында 30 жылдан аса бір салада, бір ұйымда еселі еңбек еткен Медеу ауданы тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Кездесу барысында аудан әкімі 30 жылдан аса өз ісінде қызмет істеп жүрген азаматтарды марапаттады.  

«Қарапайым мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, цех, типография басшылары мен қызметкерлері, музыка пәнінің, сурет салу пәнінің мұғалімдері, оында бас қосқан барлық түрлі сала өкілдері – өзегі болып, еліміздің дамуына бірден-бір үлес қосқан азаматтар. Сондықтан осы азаматтарымыздың еңбегін елеп, бүгін құттықтап отырмыз», – деді Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев.

Егемен елдің басты құндылықтарының бірі – өз еңбегімен туған жерін дәріптейтін адамдар десек, тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз – белсенді, еңбекқор тұрғындардың ерен еңбегі мен елеулі үлесі.

«Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Медеу ауданының әкімі бізді жинап, еңбегімізді елеп, құрмет көрсетіп жатқанына үлкен рахметімді айтқым келеді», – деді №7 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Фатигүл Мұхаметжанова.

«Біздің көпжылдық еңбегімізді бағалап, марапаттап, құттықтағандарыңызға көп рахмет. Жұмыстарыңыз өркендей берсін! Барлығыңызға жақсылық тілеймін!», – деді Балаларды оңалту фтизиопульмонологиялық орталығының мейірбикесі Захибям Изямова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир