Жамбыл жырларын жатқа оқудан өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумының қорытындысы шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған жыр алыбы Жамбыл оқуларында қазақтілді өзге ұлт өкілдері бақ сынап, өз өнерін дүйім жұртқа паш етті. Республика бойынша өткен сайысқа 30 адам қатысқан. 

«Жамбылдың жырларын қазақ тілінде жатқа айтып отыр. Сондықтан менің ойымша, өзге этносттың қазақ тіліне, мемлекеттік тілге деген талпыныстары мен ынтасы зор», – деді республикалық Достық үйінің жетекшісі Нұрсәуле Алтекова.

Айта кетсек, «Жамбыл Жабаев – ұлы дала абызы» сайысына өзге өңірден келгендер де қатысты. Олар жыршының маңдайалды туындыларынан үзінді оқып, көрнекті ақынның әндерін орындады. Осылайша, тарихи тұлғаның ғана емес, қазақ тілінің мәртебесі қатар асқақтады. 

«Бүгінгі жарыста мен Жамбыл Жабаевтың «Зілді бұйрық» өлеңінен үзінді оқыдым. Біздің ел – көпұлтты мемлекеттердің бірі. Барша ұлт өкілі бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достық, татулық пен бірлік орнағаны баршамыз үшін мақтаныш», – деді Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің мүшесі Навруза Ташметова.

Новости партнеров