Қазақ мемлекеттік циркі қайырымдылық қойылымын өткізді

Almaty.tv
Almaty.tv
Қойылымды тамашалауға мүмкіндігі шектеулі балалар мен Желтоқсан ардагерлері шақыртылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ мемлекеттік циркі Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Халықаралық мүгедектер күніне орай «Қазақ батырлары» атты қайырымдылық қойылымын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қойылымды тамашалауға мүмкіндігі шектеулі балалар мен Желтоқсан ардагерлері шақыртылды. Циркке ата-анасымен келген балалар шат-шадыман болып, көтеріңкі көңіл күйде керемет әсер алып қайтты.

«Мінеки, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар, Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толып отыр. Бұлар – мемлекетіміздегі ең атаулы, маңызды мерейтойлар», – деді Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.

«Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығы қарсаңында, біздің ұйымымыз жастарға тәрбие беру мақсатында еліміздің дамуына барынша үлес қосып жатыр деген ойдамын», – деді Желтоқсан ардагері Шолпан Антаева.

Новости партнеров