Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Елорда – Айбынды Ақ Орда» атты көрме ашылды

Елорда күніне арналған іс-шарада кітап көрмесімен қатар, балалар көркем өнері де таныстырылып, жүзге тарта кітаптың тұсауы кесілді

Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Елорда – Айбынды Ақ Орда» атты көрме ашылды Almaty.tv

Қазақстан Жазушылар кітапханасында «Елорда – Айбынды Ақ Орда» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Елорда күніне арналған іс-шарада кітап көрмесімен қатар, балалар көркем өнері де таныстырылып, жүзге тарта кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кітап көрмесінде Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері, тарихы, «Астана тарихы» деген 3 томдық кітаптар, энциклопедиялар, фотоальбомдар қойылған. «Қазақстанның астаналары» деген кітарды да көруге болады», – деді Қазақстан Жазушылар кітапханасының меңгерушісі Елена Ағайса.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі іс-шараға келген қонақтарды жазушы Гирш Леонидтің шығармашылығымен таныстырып, Қазақстан Жазушылар кітапханасының қорына жүзге тарта кітапты сыйға тартты. «Ендігіде  том-том жинақ қалың оқырманына жаңа ақпар, тың мәлімет береді деп сенеміз», – деді ұйымдастырушылар.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Жазушылар кітапханасына белгілі ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Гирш Леонидтің жүзге жуық кітабын сыйға тартуға келіп тұрмын. Бүгін мұнда бірқатар ауқымды іс-шара өткізіліп отыр екен. Осы күнге біз де өз үлесімізді қосайық дедік», – деді «Филия» грек қоғамдық ассоциациясының төрағасы Георгии Иорданиди.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир