Музейге кіреберісте концерттік бағдарлама ұйымдастырылса, кинозалда деректі және көркем фильмдердің көрсетілімі өтті
Алматыдағы мемлекеттік орталық музейінде егемендіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік шеруі» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Музейге кіреберісте концерттік бағдарлама ұйымдастырылса, кинозалда деректі және көркем фильмдердің көрсетілімі өтті. Сондай-ақ мекеме қорынан музейдің 30 жылда жеткен жетістіктерімен таныстыратын «Тәуелсіздік жетістіктері» көрмесі ашылды.
Айта кетейік, мемлекеттік орталық мұражай – Орталық Азия елдерінде орналасқан ең көне музейлердің бірі.
«Бүгінгі шара «Тәуелсіздік шеруі» деп аталады. Біздің музейдің өзінің образдық тілі мен қисыны бар. Мақсатымыз – 30 жыл ішінде жеткен жетістігімізді елге көрсету», – дейді мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай.