Асқар Мамин жауапты ведомствоға әкімдіктермен бірлесіп, инвестициялық жобаларды қамтамасыз етуді тапсырды
Қазақстан құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, алма, қант, балық сияқты тауарлар бойынша импортқа тәуелді болып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл мәселені шешу үшін Премьер-министр Асқар Мамин жауапты ведомствоға әкімдіктермен бірлесіп, инвестициялық жобалардың, әсіресе импортқа тәуелді тауарлар бойынша жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауды және қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.
«Ауыл шаруашылығы министрлігіне Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және «Бәйтерек» холдингі бірлесіп, инвестициялық жобаларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне субсидиялар төлеу жөніндегі мемлекеттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етсін», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.