Алматы мектептерінде Тәуелсіздік тағылымын дәріптеу мақсатында сынып сағаттары өткізіліп жатыр

07.09.2021 в 21:21

Ел аумағын түгел қамтыған сынып сағаты бүгін Мақатаев атындағы №140-гимназияда да өткізілді

Қала мектептерінде Тәуелсіздік тағылымын дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізіліп жатыр. Республикалық деңгейде бастау алған іс-шарада оқушыларға ел егемендігінің маңызы түсіндіріліп, мемлекеттік құрылымның алғашқы жылдардағы мәні айқындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ауданымызда 34 мемлекеттік, 24 жекеменшік мектеп бар. Солардың бәрінде ашық сынып сағаты болады. Ашық сабақтың мақсаты – ол бірінші тәрбие», – деді Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы Бақытбек Қалжанов.

Ел аумағын түгел қамтыған сынып сағаты бүгін Мақатаев атындағы №140-гимназияда да өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі тақырыбы – Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлі мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті нығайтудағы еңбегі болды.

«Бүгінгі сынып сағаты Тәуелсіздік жайында болды. Әрине Қазақстан 30 жыл көлемінде ауыз көпіртіп айтарлық дәрежеге жетті. Соның бірі – білім саласы. Мысалы ретінде айтатын болсақ, Қазақстанның азаматтары, азаматшалары, барша осы мектепті бітірген түлектер, барлығы әлем бойынша түкпір-түкпірде білім алып, білім дәрежесін Қазақстанда көркейтуге атсалысып жатыр», – деді М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 11-сынып оқушысы Аспандияр Молдағали.

Теги: оқу