«Елбасыммен мақтанамын»: Алматыда оқушылар арасында эссе байқауы өтті

Байқауға Әуезов ауданындағы мектептерден 100-ге жуық бала қатысқан

«Елбасыммен мақтанамын»: Алматыда оқушылар арасында эссе байқауы өтті Almaty.tv

«Мен Елбасыммен мақтанамын». Алматыда мектеп оқушылары арасында өткен эссе-байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шығармашылық сайыста Елбасының ел егемендігі үшін еткен еңбегі мен жетістіктерін және Қазақстанның 30 жыл ішіндегі дамуы жолын баяндауы басты назарға алынды. Байқауға Әуезов ауданындағы мектептерден 100-ге жуық бала қатысқан. Олардың арасынан 20 шығарма үздік деп танылып, оларға алғыс хат және Елбасының өмір жолы баяндалған кітаптар табысталды.  

«Мен бүгін өте қуаныштымын. Еліміз 30 жыл ішінде өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Байқау оқушылардың өз шығармашылық қабілеті мен жазу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді», – деді байқау жеңімпазы Сабина Ілиясова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Оқушылар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир