Алматыда жаңа сауда нысандары ашылды

пресс-служба Управления предпринимательства и инвестиций
пресс-служба Управления предпринимательства и инвестиций
Қаланың жұмыс істеп тұрған 52 базарының 28 базарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Алатау ауданының Солтүстік айналмасында жаңғыртылған «Арлан» базары ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Базардың жалпы алаңы – 3,4 га, сауда алаңы (ашық бөлігі, жабық базар, сауда үйі, сауда орталығы) – 26 мың шаршы метр.

Бұдан бұрын, «Арлан» әмбебап базары контейнерлік үлгіде болатын, бүгінде күрделі құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды. 900-ден астам сауда орындары ұсынылды. Инвестиция сомасы 1,15 млрд. теңгені құрады.

Бүгінгі күні, шамамен 25,1 млрд. теңге инвестиция салып және жұмыс орындарының санын 3,4 мыңға арттыра отырып, қаланың жұмыс істеп тұрған 52 базарының 28 базарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы «Алатау 1» (4 блоктың құрылысы), «Рахат КЗ», «Карим», «Сары-арқа» (1 кезең), «Керемет»,  «Арлан» (1 кезең) базарлары жаңғыртылды. «Байсат», «Қазына» (1 кезең), «Кенжехан», «Барыс-4» базарларында құрылыс жүріп жатыр. «Өжет», «Азия», «Батыр», «Саудакент», «Таусамалы», «Алматы-1», «Үш-Қоңыр» базарларында жобалау жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, мерейтой күніне Алматы қаласының Әуезов ауданында «Aksay City» сауда үйі іске қосылды. Жобаға салынған инвестиция 900 млн. теңгені құрады, 50 сауда орындары және шамамен 180 жұмыс орындары құрылды.

Новости партнеров