Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Алматыда Jastar Alany форумына қатысушылар өз жетістігі туралы айтты

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Алматыда Jastar Alany форумына қатысушылар өз жетістігі туралы айтты
Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Jastar Alany қалалық жастар форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.        

Шығармашылық мамандықтардың өкілдері, спортшылар, бизнесмендер мен ғалымдар өзін көрсете білу, сүйікті қаланың өмірін жақсартатын бастамалар мен жобаларды дамыту мәселелерін талқылады. Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті.

Форум алматылықтардың Жастар бастамаларын жүзеге асырудың бастапқы нүктесі болатын Almaty creative hub шығармашылық кеңістігі базасында ұйымдастырылды. Түрлі бағыттардың өкілдері өмірлерін өзгерткен және қоғам үшін пайдалы болған жобаларды іске асыру туралы айтып берді.

Jastar alany қатысушысы, «Масс-медиа» жобасының негізін қалаушы Алмас Сағынұлы – Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы, сарапшылармен кездесу мүмкіндігін құнды тәжірибе деп санайды. Алаңда сөйлеген сөзінде ол отандық сериалдарды, киноны әзірлеу және КВН-ге қатысу туралы айтып берді.

«Форум алаңы қарым-қатынас үшін барынша еркін, бұл өте маңызды. Алматы - мүмкіндіктер қаласы, бұл жастарға арналған локомотив, мұны менің мысалымнан көруге болады, Мен Атырау облысының шағын ауылында туып-өстім, ал бүгін Алматыны Мәскеу КВН лигасында таныстырамын. Бұдан басқа, біз жақын арада бүкіл әлемге танымал болатын креативті өнімдер жасаймыз», - деп пікірімен бөлісті А. Сағынұлы.

Оның айтуынша, құрылған Almaty Сreative Hub-та оқу үшін де, жұмыс үшін де мүмкіндіктер жасалған. Ең бастысы, мұның барлығы қала жастары үшін тегін.

Форумның көптеген қатысушылары идеялармен және ұсыныстармен кездесуге келді. Олардың арасында «Томирис» фильмімен танымал қазақстандық актриса, сценарист және кәсіби бағдар беруші әйел коуч Альмира Тұрсын да бар.

«Жастар оқуға, еңбек етуге, өз таланттарын пайдалануға тиіс. Мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы ойландым және осы уақыт ішінде бірнеше университетті бітіріп, мамандық алып, арманымды жүзеге асырдым деп айтқым келеді. Алда әлі де көптеген жоспарлар бар, бүгінде жастар үшін бүкіл әлем ашық», - деп атап өтті А. Тұрсын.

Форумның маңызды мақсаттарының бірі сарапшылар мен жастар арасындағы өзара іс-қимыл болды. Шақырылғандардың арасында танымал спортшылар, кино жұлдыздары болды. Мысалы, отандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев өзінің спорт саласындағы жеңісі туралы айтты, ал продюсер және актриса Құралай Анарбекова жастардың өмірде өзін тауып, сүйікті ісімен айналысудың маңызды екенін атап өтті.

«Алматыға білім алу үшін көптеген жастар келеді, бұл қала шығармашыл адамдарды тартады, менмендікті іске асыруға мүмкіндік береді. Мен өзім белгілі бір қиындықтарға тап болып, осы жолдан өттім. Табысты адамдардан үлгі алу маңызды, ал олар Алматыда өте көп. Біздің қаламызда шекарасы жоқ таланттар пайда болуда, біздің жастар туралы барлық жерде біледі», - деп өз байқауларымен бөлісті Қ. Анарбекова.

Шақырылған қонақтардың жетістік тарихы жастар форумына қатысушыларды амбицияны іске асыруға ынталандырды. Жаңа кәсіптің өкілі – мобилограф Әділет Рахметолла өз тәжірибесімен бөлісті.

«Мен еліміздің сұлулығын түсіремін, мамандығымды табиғат суретшісі деп атауға болады. Менің Instagram-да 230 мыңнан астам оқырманым бар және олардың барлығы әлеуметтік желілер арқылы біздің еліміз туралы біле алады. Видеоға әкемнің қызығуы отбасылық ісімізге айналды, енді бұл менің мамандығым», - деді Ә. Рахметолла.

Шақырылған қонақтар қатарында еліміздің бас еріктісі ретінде танымал Asar ume қоғамдық қорының президенті Асхат Нұрмашев болды. Ол бұл идеяға – қайырымдылыққа қалай келгенін айтты.

«Бұл жай ғана қор емес, қазірдің өзінде халық қозғалысы, бізге үш миллионнан астам адам көмектеседі. Бізді біледі, бізге көмектеседі. Біздің қозғалыс өкілдерінің 80%-дан астамы – жастар, олармен бірге біз 2,5 жыл ішінде 1500 бала тәрбиеленетін 250-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Бізде осындай жастар бар екенін мақтан тұтамын!», - дейді А. Нұрмашев.

Jastar alany қатысушылары бір-біріне көмектесуге, қала мен елді жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл үшін біз биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатқан Қазақстанда барлық жағдай жасалған.

Новости партнеров