Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
Қазан айының соңғы жексенбісі – еліміздің әлеуметтік қызметкерлері күні
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда үздік деп танылған 37 әлеуметтік қызметкер марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Республика көлемінде атап өтілетін «Әлеуметтік қызметкерлер» күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада мегаполис бойынша өткен байқаудың жеңімпаздарына мадақтау қағаздары мен сый-сияпаттар табыс етілді.  

«Менің ойымша, қызметкерлер байқауға қатысқандарына дән риза. Олар салмақпен қарап, өзара сайысқа түсті. Жауапкершілік танытқандар арасынан Медеу ауданының қызметкерлерін ерекше атап өткім келеді. Себебі олар байқаудың барлық шарттарына мән бере білді», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева.

Айта кетсек, қазан айының соңғы жексенбісі – еліміздің әлеуметтік қызметкерлер күні. Аталмыш іс-шара да соның құрметіне ұйымдастырылды. Марапатталған мамандар да еңбектерінің еленгеніне алғыс білдіріп, халық игілігі үшін қызмет етудің маңызына тоқталды.   

«Бұл менің 11 жылдық еңбегімнің нәтижесі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу оңай емес. Олармен тіл табыса білу керек. Ата-аналарының жүрегіне жол таба білу керек. Өзімнің әріптестеріме осындай сәттілік тілеймін», – деді Медеу аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің қызметкері Ақмарал Тілепова.

Новости партнеров