Тәуелсіздік күнтізбесі: 9 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды

Мұрағат
Мұрағат
Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін, яғни 9 қараша – Халықаралық антиядролық іс-қимыл күні. Бұл күні дәстүр бойынша әлемнің көптеген аймақтарында түрлі акциялар мен семинарлар, конференциялар өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Айта кетсек, Қазақстан жаһандық антиядролық қозғалыста зор үлес қоса білді. Тамыз айында Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды.

Дәл осы күні 2016 жылы Жапонияда ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Хиросима қаласының «Аса құрметті азаматы» атағы берілді.

Ал 2010 жылы Қазақстан-Америка инвестициялық форумы өтті. Оның аясында Нью-Йоркте ашылған Қазақстан Республикасы сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдігінің тұсауы кесілді. 

2015 жылы Алматының Кеңсай зиратында Батырхан Шүкеновтің ескерткіші орнатылды. Қордай тасынан жасалған қою жасыл түсті мемориал жарты ай дайындалып, оң жағына саксофонмен Батырхан Шүкенов бейнеленген стела орналасты.

2018 жылы Ханты-Мансийск қаласында отандық шахмат тарихында тұңғыш рет Қазақстан спортшысы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының 1/8 финалына қатысты. Бұл жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мықты шахматшылар қатысып, өзара бақ сынасты.  

Новости партнеров